Skip to content

1-сыныпқа қабылдау

📌Құрметті ата-аналар!

Павлодар облысында 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 18 маусымынан 31 тамызына дейін жүргізіледі.

Өтінішті 31 тамызға дейін egov.kz порталы арқылы электронды форматта беруге болады.

Білім беру ұйымында мектепалды даярлық бағдарламасын меңгеріп, осы мектепте оқуын жалғастыруға ниет білдірген балалар 1-сыныпқа автоматты түрде қабылданады.
Ал баласын басқа мектепке орналастыруды жоспарлаған ата-аналар құжаттарды жалпы белгіленген тәртіппен тапсырады.

1-сыныпқа балалар 6 жастан бастап, ата-анасының өтініші негізінде, дайындық деңгейіне қарамастан қабылданады. Биыл облыс мектептеріне 10 мыңнан астам бірінші сынып оқушысы қабылданады деп жоспарлануда.

Өтініш беру үшін қажетті құжаттар:
• ата-анасының немесе заңды өкілінің өтініші;
• №065-у және №052-2/у нысандарындағы медициналық анықтамалар.

1-сыныпқа қабылдайтын құжаттар тізімі:

1 сыныпқа өтініш беру тәртібі:

Қызметті онлайн алу

1. Порталда авторизациядан өтіп «Онлайн сұратым» батырмасын басыңыз.

2. Өтінімді толтырыңыз.

3. Міндетті қоса берілетін құжаттар:

Күндізгі оқу үшін:

* 3х4 см баланың сандық фотосуреті.

Ақпараттық жүйелерден мәліметтер болмаған кезде өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

* «Бала денсаулығы паспорты» 052-2/у анықтамасының электрондық көшірмесі.

* «Профилактикалық егу картасы» 065/у анықтамасының электрондық көшірмесі.

4. Мектепті микро учаскеде/микро учаскеден тыс таңдау мүмкіндігі.