“Наурызнама 10 күндігі аясында” мектебімізде 11-20 наурыз аралығында бір қатар шаралар ұйымдастырылып өткізіліп жатыр.
“Наурызнама 10 күндігі аясында” мектебімізде 11-20 наурыз аралығында бір қатар шаралар ұйымдастырылып өткізіліп жатыр.
14 наурыз «Көрісу күні – Амал мерекесі»і – Амал мерекесі. Бұл дәстүр негізінде еліміздің батыс өңірлерінде сақталған. Қазір бұл мерекені барлық аймақта тойлау ұсынылды.
15 наурыз«Қайырымдылық» Бұл күнді ел бойынша қайырымдылыққа, мейірім мен тату көршілікке арнаймыз.
16 наурыз «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні»Бұл күн мәдениетімізді, өнеріміз бен ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға арналып, республика бойынша түрлі іс-шараларды өткізу жоспарланып жатыр.
17 наурыз. “Шаңырақ күні”. Осы күні отбасылық құндылықтарды дәріптеуге, өнегелі ұрпақ тәрбиелеген үлгілі отбасыларға арналған мәдени іс-шаралар өтеді.
18 наурыз.Ұлттық киімдер күні. Наурызнаманың онкүндігінде еліміздің барлық өңірінде ұлттық киімдерді насихаттауға бағытталған түрлі іс-шара өткізу ұсынылып отыр.
19 наурыз.Жаңару күні. Осы күні көктемгі ағаш егу дәстүрін жалғастыру ұсынылды.
20 наурыз.Ұлттық спорт күні. Бұл күні елдің барлық аймағында ұлттық спорттан түрлі жарыстар ұйымдастырылады.
21 наурыз.Ынтымақ күні. Оның басты мақсаты – жалпы халық арасында бір-біріне деген сый-құрметті арттырып, татулық пен бірлікті насихаттау.
22 наурыз – Жыл басы. Бұл күні еліміздің барлық өңірінде жалпыхалықтық мәдени-спорттық іс-шаралар өткізіліп, стильді этноауылдар мен түрлі жәрмеңке ұйымдастырылады.