Skip to content

Telegram-бот арқылы қызметтер алу

2015 жылы Telegram-да боттарды жасауға арналған платформа пайда болғаннан бері мессенджер түрлі онлайн-қызметтерді алу үшін ыңғайлы арнаға айналды. Көптеген әзірлеушілер чат-боттар түрінде әр-түрлі қосымшалар және сервистердің аналогтарын жасай бастады, олармен өзара іс-қимыл чат режимінде алдын ала белгілі бір командалар көмегімен жүзеге асырылады.

Бүгінгі күні EgovKzBot2.0 (https://t.me/Kenes1414Bot)– электрондық үкімет порталының боты арқылы келесі қызметтер мен сервистерді алу қол жетімді:

1.Шекара маңындағы аумақтың елді мекенінде тұрақты тұратын жері бойынша тіркелуін растайтын мәліметтерді беру;

1.Жеке тұлғаның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы анықтама;

2.Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтамалар;

3.Жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама;

4.Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама;

5.Базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін есептеу бойынша анықтама;

6.Халыққа қызмет көрсету орталықтарына кезекті брондау;

7.Тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы анықтама;

8.Заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктерінің бар екендігі туралы анықтама;

Ең жақын ХҚКО;

1.«Наркология» Психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер беру;

2.«Психиатрия» Психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер беру;

3.«Фтизиатрия» Фтизиопульмонология орталығынан мәліметтер беру;

4.Зейнетақы аударымдары туралы анықтама;

5.Зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірісті ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат;

6.Шетелге шығу шектелген борышкерлер тізілімі бойынша шетелге шығуға тыйым салудың болуын тексеру;

7.Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлімет алу;

8.Жылжымалы құрам кепілінің бар болуын іздеу;

9.Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілінің бар болуын іздеу;

10.Автокөлік кепілінің бар болуын іздеу;

11Ауылшаруашылық техникасы кепілінің бар болуын іздеу.

Ботпен жұмыс істеуді бастау үшін eGov.kz-те тіркелген болып және порталдың профиліне өзінің телефон нөмірін байлау қажет. Телефонды тіркеу және байлау қатаң түрде ЭЦҚ-ны пайдалана отырып жүзеге асырылады, және де егер сізде ол жоқ болса, онда «Порталда алғашқы рет» бөлімінде ЭЦҚ-ны алу рәсімі туралы ақпаратпен танысып алыңыз.

Телефон нөмірін байлау немесе «мобильді азаматтар базасында тіркелу» (МАБ) порталда бастапқы тіркелу кезінде, сондай-ақ, eGov.kz Жеке Кабинеттегі баптау арқылы жасалады. Ол SMS-код арқылы растауды және пайдаланушының ЭЦҚ-мен қол қоюды талап етеді.

Telegram мессенджерін сіздің телефон нөміріңіз байлаулы смартфонға орнатып @Kenes1414Bot атауы бойынша іздеу арқылы ботты табу қажет. Ботты іске қосу үшін «Старт» командасын басу және мәзір арқылы телефон нөмірін жіберу қажет.